Мәжіліс депутаты бюджеттегі түзетулерді сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2019 жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңға үкіметтік түзетулерді талқылау барысында Мәжіліс депутаты Мұрат Теміржанов оның кемшіліктерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Менің бір ғана сауалым бар. Ауыл шаруашылығын неге соншалықты жақсы көрмейсіздер? Сұрақты неліктен бұлай қойып отырмын. Сіз өзіңіздің сөз сөйлеуіңіз барысында сыйақы купоны туралы айттыңыз. Мен үшін, неліктен 17 млрд теңгені алып қоймақ болып отырғандарыңыз мүлдем түсініксіз. Заң жобасының қазіргі уақытта Сенат қарауына жатқанына және оның таяу аралықта қабылданатындығына қандай кепіл бар? Ауыл шаруашылығы министрлігі, бағдарлама әкімшісі одан кейін бұл ақшаны қалай алады. Бұл қаражаттың бюджетке қайтарылуына кім бастамашы болды?», - деді Мәжіліс депутаты талқылау барысында ҚР Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловқа қарата.

Сонымен қатар ол «Nur Otan» партиясының «Қазақстан 2021: бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасында субсидиялау жүйесін жетілдіруге бағытталған бірнеше позицияның болғанын еске салды. Ал қазіргі республикалық бюджет түзетуінде асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау және дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін әрі өнім сапасын арттыруға көзделген 36,5 млрд теңге қолдау таппағандығына назар аудартты.

«Сіздер, қаржыгерлер жем-шөп базасы болмаса мал шаруашылығы да болмайтындығын қалай түсінбейсіздер. Ал мал шаруашылығымыз болмаса онда дүкен сөрелерінде еттің өзі де болмайды. Бұл тізбектер бір-бірімен байланысты. Тиімсіз субсидиялардан бас тарту міндеті қойылғандығы түсінікті. Бірақ, бұл саладағы барлық субсидияны алып тастау керек дегенді білдірмейді. Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріміз онсыз да қиын жағдайға тап болып отыр. Ауа райы нашар болып тұр. Қажетті астықты бастырып үлгермейміз, екі рет құрғақшылық орын алды. Ал сіздер экономиканың шынайы секторын қолдауды қысқартып жатырсыздар. Бұл мен үшін түбегейлі түсініксіз жайт. Мұндай түрде бұл бюджет қабылданбауы тиіс», - деді депутат.

Жоғарыдағы сауалдарға жауап берген қаржы вице-министрінің айтуынша, сыйақыға купон бойынша субсидия төлеуге көзделген 16,7 млрд теңге қысқартылған. Дегенмен бұл сома резервте тұр. Ал ауыл шаруашылығын субсидиялауға көзделген 36 млрд теңгеге қатысты өтінім Ауыл шаруашылығы тарапынан түскенін айтты.

Соңғы жаңалықтар