Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл шалғайдағы шекара заставаларына барды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Алматы облысындағы шекара заставаларына барды. Халық қалаулысы шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістегі жазғы демалысты тиімді пайдаланған депутат ең алдымен Жалаңашкөл заставасына барды. Елдің шетінде, желдің өтінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып жатқан офицерлер және сарбаздардың жағдайын бағдарлап, жарақтануымен танысты. Халық қалаулысы шекарашылардың материалдық-техникалық базасының қанағаттанарлықтай, ал шекарашылардың жағдайы жақсы екендігін көрді.

Биыл 18 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрылғанына 27 жыл толады. Сондай-ақ Жалаңашкөл оқиғасына 50 жыл. Осы бір қос айтулы датаға орай жетісулық шекарашылар өз заставалары арасында атты шеру ұйымдастырды. Тұлпар мініп, ту ұстаған сарбаздар тау-таспен, орман-тоғай арасымен 200 шақырымға жуық жүріп өтті. «Бұл шеру олардың өз қызметтестеріне көрсеткен құрмет және жарты ғасыр бұрын болған Жалаңашкөл оқиғасында қаза тапқан сарбаздар рухына тағзым ету»,- дейді «Достық» шекара комендатурасы басшысының орынбасары Самат Салауатов.

Атты шерудің эстафетасын Жалаңашкөл заставасында Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл қабылдап, ақ батасын беріп, Мақаншы шекара заставасына жолдады. Сондай-ақ халық қалаулысы Достық ауылындағы Жоңғар шекара заставасына да барып, сарбаздардың жағдайын сұрастырды. Өз шығармаларынан жалынды өлеңдер оқып, күрделі жөндеуден өткен застава ауласына шырша отырғызды.

Соңғы жаңалықтар