Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын», - деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин.

Жалпы отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.

Еске сала кетейік , жақында Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

Ол 2016 жылғы 24 наурыз айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.


Соңғы жаңалықтар