Мәжіліс депутаты Андорра Сыртқы істер министрімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте Қазақстан мен Андорра арасындағы саяси және экономикалық байланысты арттыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты, Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан Қазақстанға ресми сапармен келген Андорра Сыртқы істер министрі Мария Губах Фонт бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

«Елдеріміз арасындағы саяси және экономикалық екіжақты байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Соның ішінде, туризм саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор деп ойлаймын», - деді депутат.

Кездесу барысында қос ел арасында сауда, инвестиция және цифрландыру саласында да әріптестікке қол жеткізу мәселесі талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан мен Андорра арасындағы серіктестіктің одан әрі тереңдеуіне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар