+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттығына кімдер кандидат бола алмайды

2020 жылғы 21 қазан 16:00
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттығына кімдер кандидат бола алмайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларды баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сайлау учаскеңізді қалай білуге болады

Ол Орталық сайлау комиссиясы белгіленген өкілеттіктерге сәйкес, ҚР Президенті мен Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыратынын хабарлады.

Осыған байланысты, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

Парламент Мәжілісінің депутаттығына ел аумағында соңғы 10 жылда тұрақты тұрып жатқан, 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.

Қазақстан Парламентінің депутаттығына, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша кандидат бола алмайды:

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам;

2) сотпен заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін мойындаған адамды.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Саяси партия партиялық тізімдерді бекіту кезінде оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 проценті мөлшерінде әйелдер мен 29 жасқа толмаған адамдарды қамтиды.

Бекітілген жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну кезеңі дауыс беру күнінен екі ай бұрын басталады және дауыс беру күнінен қырық күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. Яғни, ағымдағы жылғы 10 қарашадан бастап 30 қараша күнгі сағат 18-00-ге дейін.

Партиялық тізімдерді тіркеу сайлаудан екі ай бұрын басталады және сайлауға бір ай қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Яғни, 2020 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсан күнгі сағат 18:00-ге дейін.

Заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады.

Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының жалпы ұзақтығы тағайындалған күннен бастап дауыс беру күніне дейін 82 күнді құрайды.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялады.

«Бүгін мен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойдым. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT