+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары Жетісу өңіріндегі «Акѕu Kant» зауытының жұмысымен танысты

2021 жылғы 10 шілде 10:59
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары Жетісу өңіріндегі «Акѕu Kant» зауытының жұмысымен танысты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Жетісу өңірінен сайланған депутаттары Д.К.Әлімбаев, Ә.М.Әбсеметова, М.М.Тәжмағамбетова, А.С.Құспан, Ж.Әшімжан, Ж.Т.Тельпекбаева жұмыс сапарымен Ақсу ауданындағы «Акѕu Kant» зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар барысында Мәжіліс депутаттарын «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, «Жетісу» ӘКК «ӨДИ» АҚ («Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы« өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы) басқарма басшысының орынбасары Азамат Рахимов, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Ғазиз Есжанов, «Акѕu Kant» ЖШС директоры Самат Нәдірбаев, аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлері мен партиялықтар қарсы алып, зауыт жұмысымен таныстырды.


«Акѕu Kant» зауыты - Қазақстанның қант саласындағы мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтадан қалпына келтірілген еліміздегі алғашқы кәсіпорынның бірі.

Жаңғыртудың бірінші кезеңі аясында Ақсу қант зауытында шырын өндіру, шырынды тазарту, азық-түлік, сығынды тығыздау, әк-газ бөлімшелеріндегі, сондай-ақ шырындар мен шәрбаттар бөліміндегі жабдықтар ауыстырылды. Басты ерекшелігі-барлық өндірістік желі автоматтандырылды. Мысалы, жаңа буландыру станциясының арқасында энергия тасығыштардың шығындары 30% қысқарды. Бүгінгі күні зауытта сүзгілеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып бірегей камералық пресс-сүзгі орнатылған.

Мәжіліс депутаттарын «Акѕu Kant» зауытында бүгінгі күннің өзінде жабдықтың 80%-ы ауыстырылып, толығымен автоматтанғаны қуантты. Маусым кезінде зауытта 400-ден астам маман жұмыс жасайды.


«Акѕu Kant» ЖШС бас директоры Самат Нәдірбаевтың айтуынша, зауыттың өндірістік қуаты 12% қант шығысымен бір маусымда 450 000 тонна қант қызылшасын өңдеуді құрайды. 2020 жылы кәсіпорында қант қызылшасының сығымдағыш бөлімшесі іске қосылып, қант қызылшасының сығындысынан жом өндірілуде. Технология бойынша конвейерден құрғақ заттың 22% сығымдалады. Осылайша, зауыт жемшөп нарығында мүлдем жаңа өнім – сығымдалған пакеттелген жом шығара бастады. Одан әрі жаңғырту барысында қант зауыты маусымаралық уақытта қамыс өңдеп, жыл бойы жұмыс істейтін болады деп жоспарлап отырмыз», - дейді Самат Нәдірбаев.


Мәжіліс депутаттары зауыттың жаңғырту жұмыстарының қарқыны мен шығарылатын өнімдерінің ауылшаруашылығында қолданылатынына қолдау танытып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтыған зауыт басшылығына алғыс білдірді.

«Nur Otan» партиясының депутаттық фракция мүшелеріне зауыт және аудан басшылығы, жалпы тұрғындар тарапынан бүгінгі күні шешімін таппай отырған бірқатар күрделі мәселелер – Ақсу, Бүйен өзендеріне су қоймайсының қажеттігі, аудандық ауруханада, ирригацияны жүргізу мәселелерін жеткізсе, аудандық аурухана директорының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Байқадам Құрымбай аураханаға аса қажет компьютерлік томография құрылғыларын орнату мәселесін көтерді

Кездесу барысында қойылған бірқатар сұрақтары мен өтініштер Мәжіліс депутаттарының назарына алынды.

«Бүгін біз қанттың толық өңделу процессімен таныстық. Мені зауыттан қанттан бөлек өнім - жом сығындысы, патока шығарылатыны қуанттты әрі зауыт ішінде жастардың тәжірибе алып, білімін жетілдіруіне жағдай жасалғаны көңілге қонымды болды», - деді мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Айгүл Құспан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT