Мәжіліс депутаттары Жамбылдағы бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының мүшелері Әбдіманап Бектұрғанов және Қожахан Жабағиев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің жаңартылған материалдық - техникалық базасымен танысты.

Өз кезегінде мәжілісмендерге 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 250 миллион теңгеге сандық автоматтандырылған лабораториялық қондырғылармен жабдықталған құзыреттілік орталықтарының жұмысы көрсетілді.

Колледж директоры Жанар Орынбаева «Баршаға арналған техникалық және кәсіптік-техникалық білім» жобасы, жұмысшы біліктілігі, орта буын маманы, қолданбалы бакалавриат бейіні бойынша көп сатылы кадрлар даярланатыны туралы баяндады.

Сондай-ақ, ҚР Парламентінің төменгі палата депутаттары бірқатар аудандарға ат басын бұрып, өндіріс орындары, нысандар мен мекемелердің жұмысымен танысып, ондағы жұмысшылар мен қызметкерлермен кездесуде.

Соңғы жаңалықтар