+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары Жамбыл және Қарағанды облыстарына сапармен барды

2019 жылғы 20 тамыз 17:10
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары Жамбыл және Қарағанды облыстарына сапармен барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттары Жамбыл және Қарағанды облыстарына сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Украина Радасы депутаттарды қылмыстық жауапкершіліктен қорғау туралы бапты алып тастамақ Мәжіліс депутаты Гүлнәр Иксанованың өкілеттілігі тоқтады ҚР ОСК Мәжілістің жаңа үш депутатына мандат тапсырды

Бүгін Мәжіліс депутаты Марат Бопазов Жамбыл облысына сапары барысында Тараз қаласындағы кондитерлік фабрика жұмысымен танысты.

Осыдан екі жыл бұрын жабдық және коммерциялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартып, вафли өндіретін желі сатып алуға несие алған фабрика бүгінгі таңда жылына 2160 тоннаға жуық өнім өндіруде.

Халық қалаусымен кездесуде кәсіпкерлер зауыттың жұмысы мен тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты айтып, фабриканың жоба құны 850 миллион теңге болатын екінші кезеңінің құрылысы аяқталуға жақын екендігіне тоқталды.

Жоба биыл іске қосылып, кәсіпорынның толық жылдық қуаты 4500 тонна болады деп жоспарлануда. Осыған орай, тағы жетпіс адамдық жұмыс орны ашылған. Жобаның екінші кезеңі осы жылдың аяғында пайдалануға берілмек. Сонымен қатар биыл жаңа корпус құрылысы мен жаңа өндірістік желілерді сатып алу көзделген. Заманауи жабдықтарды іске қосу кәсіпорын қуаттылығын 4500 тоннадан 12 000 тоннаға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ, өнімдерді экспортқа шығаруға жол ашып, қосымша 170 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Бұл «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қомақты қаржыға несие алып, жұмысын жандандырып отырған кәсіпорын өңір экономикасын арттыруға өз үлесін тигізіп отырғанын көрсетеді.

Осыған сәйкес, Мәжіліс депутаты мемлекет тарапынан кәсіпкерлікке көрсетіліп жатқан қолдаудың маңыздылығына мән берді.

Сондай-ақ, мәжіліс депутаттары Мансұрхан Махамбетов пен Жамбыл Ахметбеков Қарағандыдағы Көші-қон қызметтері орталығына барды.

Мәжіліс депутаттары орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін мекемеге келген шетелдік азаматтармен әңгімелесті.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша Елбасымыз алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында бүгін біз орталық қызметімен таныстық. Барлық көші-қон қызметтері «бір терезе» қағидаты негізінде ұсынылуда. Бұрын құжат алу үшін бірнеше мекемеге хабарласып, оған 7 күн қажет болса, қазір құжаттарды орталықтан бір сағатта алуға болады. Ең бастысы, бұл халық үшін өте ыңғайлы, - деді Мәжіліс депутаты М. Махамбетов.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және еңбекші-мигранттарды заңдастыру мақсатында Көші-қон қызметтері орталығы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бірлескен жобасы.

Бүгінгі таңда қала орталығында орналасқан орталық бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді. Мұнда келушілер үшін барынша жағдай жасалған. Сондай-ақ, еңбек мигранттарына ыңғайлы болу үшін орталықта денсаулық сақтау, екінші деңгейлі банктер және сақтандыру компанияларының өкілдері жұмыс істейді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT