Мәжіліс депутаттары Түркі Академиясына қатысты құжатты талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы Түркі Академиясын орналастырудың шарттары мен тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде.

«Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі Академиясы арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін регламенттеу мақсатында әзірленді. Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім Түркі Академиясының құқықтық субъектілігі мен құқықтық қабілеттігін және оның қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті құжат бойынша 2022 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы, депутат Дархан Мыңбай палатаның жалпы отырысында.

Айта кетейік , бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасын талқылайтыны белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар