Мәжіліс депутаттары төтенше жағдай жарияланған ауылдарға барды - Қызылорда облысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасының орынбасары Балаим Кесебаева, Мәжіліс депутаттары Ғалым Әміреев, Бақытбек Смағұл, Геннадий Шиповских және «Ақ жол» фракциясының мүшесі Берік Дүйсенбинов Қызылорда облысындағы шалғай елді мекендерге барып, қуаңшылық орын алған ауылдарды аралады. Бұл туралы ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында уәкілетті органдарға жергілікті жерлерде сапалы іске асыруды қамтамасыз ете отырып, жем-шөппен толық қамтамасыз етуге, көкөніс қоймаларын салу мен жаңғыртуға ерекше назар аударуды ұсынған болатын.

Вице-спикер Балайым Кесебаеваның төтенше жағдай жарияланған Арал ауданындағы тұрғындармен кездесуінде қуаңшылық, жайылымдық, шабындық жерлерді суландыру, төрт түлік малға қажетті жем-шөп, жол мәселесі қиындық тудырып отырғаны талқыланды.

Халық қалаулылары Арал ауданындағы Қамбаш көлі аймағының қазіргі жағдайымен танысып, Қамыстыбас, Бөген, Қаратерең, Жаңақұрылыс елді мекендеріндегі ауыл халқымен жүздесіп, жергілікті жердегі түйткілді мәселелерді тыңдады.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары аудандарды аралаудағы негізгі мақсат: қуаңшылық, Сырдария өзеніндегі су тапшылығына байланысты орын алған жағдайды көзбен көріп, тұрғындармен тілдесіп шешу жолдарын қарастыру екендігін жеткізді.

Б.Кесебаева қуаңшылық мәселесі жүйелі түрде айналысатын ауқымды проблема екенін, бұны аумақаралық деңгейде көтеру қажеттіне назар аударды. Сонымен қатар, су мәселесіне өте байыптылықпен қарап, экологиямен мұқият айналысу қажеттігіне баса мән берді.

Өз кезігінде, депутаттар өзге облыстардан тасылып жатқан жемшөпті жұртшылыққа жеткізу, жеп-шөп бағасын қолжетімді болуы үшін арзандату жайын, сумен қамту, бұлақ көздерін ашу секілді түйткілдерді шешу жолдарын қарастырды.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары одан әрі облыстағы Қазалы, Сырдария, Шиелі, Жалағаш, Қармақшы аудандарына және шалғай жатқан ауылдық елді мекендерге барып, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты.


Соңғы жаңалықтар