Мәжіліс депутаттары тікұшақ апатынан қаза болған ҰҚК Шекара қызметінің әскерлерін үнсіздікпен еске алды

None
None
күйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар тікұшақ апатынан қайтыс болған ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілерін 1 минөт үнсіздікпен еске алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең   Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем шатқалында  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тікұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің   мәліметтері  бойынша,   Шекара қызметінің апат болған  тікұшағының  бортында  экипажды  қосқанда, 13 әскери қызметкер болған. Апат салдарынан борттағы  10 әскери қызметші қайтыс болып, тікұшақ бортында болған үш шекарашы ауруханаға жеткізілген. Қазіргі таңда зардап шеккендерге Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің орталық әскери госпиталында барлық қажетті көмек көрсетілуде.

Соңғы жаңалықтар