Мәжіліс депутаттары теміртаулық сайлаушылармен жүздесті

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Андрей Бегенеев пен Роман Ким парламенттік каникулды теміртаулық сайлаушылармен кездесуден бастады.

Жұртшылықпен жүздесудегі басты мақсат Елбасының зейнетақы жүйесін жаңғырту туралы Қазақстан халқына жасаған үндеуін қолдау және түсіндіру болып табылады.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шара аясында Мәжіліс депутаттары өз кездесулерін Теміртаудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған тарихи-мәдени орталықтан бастады. Сонымен бірге парламентшілер қалалық балалар ауруханасында, көгалдандырумен айналысатын «Кедр» өндіріс орталығында болып, нысандардың тыныс- тіршілігімен танысты. Қаланың жаңа жылыту маусымына әзірлігіне байланысты ашылғанына 15 жыл толып отырған «Оқжетпес» коммуналдық кәсіпорнында болған халық қалаулылары, онда мекеме жұмысшылармен жүздесті. Әңгіме өрбітіп, пікір алмасты.

Бұдан бөлек, мәжілісмендер «Арселор Миттал Теміртау» өндіріс ошағында жақында болған апатқа байланысты жағдаймен танысып, еңбекшілермен кездесті. Осындай жұртшылықпен жүздесулер барысында депутаттар Парламенттің заң шығару жұмысы жайлы әңгімелеп, екінші сессияның қорытындысынан ақпараттар берді. Алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Соңғы жаңалықтар