Мәжіліс депутаттары Сыр өңіріндегі кездесуде Елбасы көтерген мәселелерді талқылады

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Құттықожа Ыдырысов пен Бақытбек Смағұл Қызылорда облысында болып, бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады. Атап айтқанда, депутаттар «Асар-Құрылыс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты кірпіш зауытының құрылысымен танысты. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жүздесу барысында ұжым директоры Әлібек Жұмабай серіктестіктің атқаратын жұмысының бағыттары жайында әңгімелеп берді. Сонымен қатар, зауыт еңбеккерлерімен кездесуде депутаттар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттап, түсіндірді. Сонымен қатар, жүздесулер барысында Астананың 15 жылдық мерейтойына арналған «Астана - Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» атты тақырыптағы Елбасы мақаласының мән-маңызы туралы әңгіме болды.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Құттықожа Ыдырысов облыстық «Нұр Отан» ХДП филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Соңғы жаңалықтар