Мәжіліс депутаттары Петропавлдағы офтальмологиялық орталықтың жұмысымен танысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Петропавлдағы офтальмологиялық диагностикалық орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Елбасының «Nur Otan» партиясының 18-ші съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысымен танысып, өңірдің әлеуметтік нысандарын аралады.

Депутаттар Петропавлдағы офтальмологиялық диагностикалық орталығында болып, дәрігерлермен кездесті. Нысан 4 ай бұрын мемлекеттік жекеменшік әріптестігі аясында салынды. Оның құрылысына 550 млн теңгеден астам инвестиция құйылды. Офтальмологиялық орталық толықтай заманауи құрылғылармен жабдықталған. 35 жатын орынға шақталған клиника жылына 4900 адамды қабылдауға қауқарлы. Орталықта науқастар тәулік бойы емдеу алып, оларға ота, лазерлік ота және диагностика жасалады, сонымен қатар күндізгі стационар мен жедел жәрдем қызметі де қарастырылған.

Облыс орталығындағы заманауи емдеу мекемесіне қазір петропавлдықтар ғана емес, шалғай ауылдардағы тұрғындар да келіп ем дом алуда. Олар үшін арнайы жатын орындар бар. Депутаттар инвесторлардың бұл бастамаларын қолдап, тұрғындардың денсаулығын жақсартудағы үлесін жоғары бағалады.

null

«Бұл емдеу мекемесінің болашағы зор. 15 жылдан кейін мемлекетке қайтарылады. Инвесторлардың өзі жергілікті азаматтар, патриот азаматтар. Халықтың денсаулығын ойлап жүрген. Алға қойған жоспарлары өте жақсы. Алдағы уақытта орталықта көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтпекші», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман.

Емдеу мекемесінде 6 офтальмолог дәрігер еңбек етеді, олардың орташа еңбекақылары 300 мың теңге шамасында.

null

Соңғы жаңалықтар