Мәжіліс депутаттары Павлодардағы кардиоорталықтың жұмысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Павлодардағы кардиоорталықта болып, дәрігерлермен халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары, «Nur Otan» партиясы парламенттік фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Ольга Шишигина және Александр Суслов Павлодар облысында сайлаушылармен кездесулерін бастады. Бүгін халық қалаулылары еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі саналатын кардиологиялық орталықтың жұмысымен танысты.

Қазіргі кезде кардиоорталық заманауи кардиохирургия мен интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіреді және ересектерге де, балаларға да көмек көрсетеді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаттары орталықтың мүмкіндіктерін ерекше атап өтті. Атап айтқанда, көптеген ауруларды зерттеу және анықтау тәсілдері, жүрек-қантамыр жүйесінің түрлі ауруларын жылдам және сапалы диагностикалауға мүмкіндік беретін диагностикалық емшаралардың түрлері және тағы басқалар сөз болды.

«Павлодар кардиоорталығы заманауи жоғары технологиялық медициналық құралдармен жабдықталған. Бұл халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыруға және сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді депутат Ольга Шишигина.

Соңғы жаңалықтар