Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдауды өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары - Тұрарбек Асанов пен Сейітсұлтан Айымбетов, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер бойынша комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин өткізеді.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады. Осылайша, 24 ақпан күні қабылдауды халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Тұрарбек Асанов, 26 ақпанда - экономикалық реформа және аймақтық дамыту комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Айымбетов өткізеді.

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер бойынша комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қабылдауы 25 ақпанға жоспарланған.

Қабылдау Астана қаласы, Кенесары, 25 мекен-жайы бойынша сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Қабылдауға Электрондық қоғамдық қабылдау ( www.kk.nurotan.kz ), бірыңғай call-орталық: тел. 59-78-50, Республикалық қабылдау бөлмесінде жазылуға болады.

Басқа облыс орталықтары мен Алматы қаласының тұрғындары қабылдауға Астанаға келмей-ақ жазыла алады, себебі қабылдау «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалдарының ғимараттарындағы бейнеконференц байланысының режимінде өткізілуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар