+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді

2020 жылғы 31 шілде 18:16
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін бүкіл әлем мұсылмандары атап өтетін Құрбан айт мерекесінде Мәжіліс депутаттары еліміздің әр аймағында коронавирус індетінің салдарының қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қайырымдылық шараларын өткізді.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Мәңгілік Абай» атты онлайн телемарафон өтті Қазақстанда Абаймен аттас 17 мыңнан астам адам бар Қырымбек Көшербаев: Қазақ халқы өркениеттің жаңа талаптарына сай өмір сүре білуі керек

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қасиетті мерекеде депутаттар мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасылар мен қарттарға азық-түлік пен қажетті заттарды және жеке қорғаныс құралдарын жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Асылбек Смағұлов және Нұржан Әлтаев мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Олар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен бірге қарттар мен көпбалалы отбасыларға барып, азық-түлік пен құрбандыққа шалынған малдың еттерін берді.

Мәжіліс депутаттары бұл күндері тек ірі қалаларға ғана емес, облыс орталықтары мен шалғайдағы елдімекендерге де барды. «Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев елордадан 160 шақырым жерде орналасқан Ақмола облысының Ерейментау ауданында болды. Мәжілісмен 30 отбасына азық-түлік пен қажетті тауарлар жеткізді. Сонымен қатар, А.Перуашев аудандық аурухананың дәрігерлері мен медицина қызметкерлерімен кездесіп, ауруханаға дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарын сыйға тартты.

Сонымен қатар, қайырымдылық акцияларына Мәжіліс депутаттары «Халықтық коммунистер» фракциясының атынан Айқын Қоңыров пен Жамбыл Ахметбеков те белсенді қатысты. Мәжілісмендер «Шапағат» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге, сондай-ақ балалар үйінің бұрынғы түлектеріне азық-түлікпен көмек көрсетті.

Мәжіліс депутаты Абзал Ералиев Қызылорда облысындағы көптеген отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетті.

Көрсетілген көмекке ризашылық білдірген өңір тұрғындары қазақстандық қоғамның басты құндылықтары - бейбітшілікті, келісім мен бірлікті және бір-біріне құрмет пен қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті.

Айта кету керек, Құрбан айт мерекесі аясында қайырымдылық акциялары Мәжіліс депутаттарының есебінен ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барлық санитарлық нормалар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT