Мәжіліс депутаттары Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жобаларымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі іс-шара барысында депуттар институттың іске асырып жатқан жобаларымен танысты. Олар 2020 жылы біз қамтыған жобалардың маңыздылығын, сондай-ақ институт жұмысының жоғары нәтижелілігін атап өтті. Осы орайда күш-жігірді этномәдени бірлестіктермен шоғырландыру және этномәдени бірлестіктер ресурстарын пайдалануды ұсынды. Мұнымен қоса, біздің институт жүргізетін зерттеулер аясында депутаттармен бірге өңірлерге сапармен барудың қажеттігі айтылды. Біз өзіміздің мониторингті жүргіземіз, сонымен қатар депутаттар өңірлерге сапарлағанда бірлесе жұмыстарды атқармақпыз», - деді «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев.

Институт басшысының пайымынша, өңірлердегі мәселелерді шешуде Парламент депутаттарымен бірлесе жұмыс істеу елеулі нәтиже береді.

«Этносаралық қатынастар бойынша әрі осы саладағы зерттеулерде, жұмыстарда үнемдеу болмауы керек деген пайым айтылды. Жалпы, бұл бағытта зерттеу жұмыстары лайықты деңгейде болғаны абзал. 2020 жылы коронавирус індетіне байланысты кейбір кедергілер болғанымен, біраз зерттеулер жүргізілді. Алға қойылған мақсаттар орындалды. Былтыр институт құрылғаннан кейін жеті айдың ішінде ауқымды материал жинап үлгердік. Осы материалдарды бүгін депутаттарға таныстырдық. Атап айтқанда, институт мамандары жинақтаған талдау материалдарына тоқталсақ, бұған дейін зерттелмеген әрі аса мән берілмеген жекелей проблемалар анықталды», - деді Талғат Қалиев.


Соңғы жаңалықтар