Мәжіліс депутаттары Қазалыға келді

None
None
ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бақытбек Смағұл, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халық қалаулылары алдымен «Сыр маржаны» ЖШС-ның мал бордақылау алаңына ат басын тіреп, атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың барысымен танысты.

Бастапқыда 500 басқа арнап салынып, қазіргі таңда бір мезгілде 3000 басқа дейін мал бордақылауға қабілетті бұл нысанға депутаттар жоғары баға берді.

Кездесу барысында Сыр Маржаны ЖШС директоры,  облыстық мәслихат депутаты Мінажадин Өтеев жобаны таныстыра отырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Одан соң Қазалы қаласында жүргізілген жаңартылу жұмыстарын көріп, ардагерлермен кездесті.  

Қазалы ауданына сапары кезінде Парламент Мәжілісінің депутаттары ауданның әлеуметтік-экономикалық маңызға ие бірнеше нысандарының жұмысымен танысты. 

Соңғы жаңалықтар