Мәжіліс депутаттары Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат-Қарағанды облысында Мәжіліс депутаттары Гүлнар Бижанова мен Серік Сәпиев аймақтарға сапары барысында халықпен кездесу өткізді. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.

Депутаттар Бұқар-Жырау ауданындағы Қушоқы ауылына барып, «Ботақара Жылу» еңбек ұжымымен кездесті. Бүгінгі таңда кәсіпорында сумен, жылумен жабдықтау және суды бұру желілері жүзеге асырылуда. Орталық жылытуға 316 үй қосылса, оның ішінде 16 көпқабатты тұрғын үй, 5 бюджеттік ұйым мен жеке меншік кәсіпорындар да бар.

Кездесудің басты тақырыбы Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы туралы болды. Тұрғылықты халықпен кездесу барысында Мәжіліс депутаттары әлеуметтік жаңалықтарды енгізудің негізгі тетіктерін, оның ішінде, үшінші сессия барысында қабылданған заңнамалық нормалар туралы айтты.

120-ға жуық адам жұмыс істейтін кәсіпорында өткен кездесуде өзекті мәселелер көтерілді. Қатысушылар депутаттарға Қушоқы ауылына газ құбырын тарту мен «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алудың тетіктерін және басқа да көкейтесті сұрақтар қойып, Президенттің әлеуметтік бастамаларының маңыздылығын атап өтті.

Жиналғандар аудан үшін өзекті мәселелерге де назар аударды. Атап айтқанда, 60 жылдардың басында салынған жергілікті су желілерін қалпына келтіру мен жедел жәрдем бөлімшесінің жабылуы сияқты проблемаларды көтеріп,  өз кезегінде  Мәжіліс депутаттары бұл мәселелерді дербес бақылауларына алды.

Соңғы жаңалықтар