Мәжіліс депутаттары каникулға кешірек шығуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің депутаттары каникулға кешірек шығуы мүмкін. Яғни дәстүрлі түрде маусым айының соңында емес - 10 шілдеде. Бұл туралы депутат Василий Олейник мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз сессияны 10 шілдеге дейін ұзартып, жұмысты жалғастырмақпыз. Осы орайда, талқылаудан өткізуді қажет ететін заң жобалары бар және оларды мақұлдау керек. Мысалы, мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы ескеріліп отыр. Бұл құжат азаматтарымыз үшін қажет. Мемқызметтерді дер кезінде алу үшін тиісті жеңілдікті шаралар енгізілмек. Сонымен қатар, біздің депутаттардың өзге де бастамашылық еткен заң жобалары бар», - деп түсіндірді Олейник Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Депутат алдағы уақытта атқаратын жұмыстар ауқымы көлемді екенін айта келе, 10 шілдеден кейін депутаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге сапарлары жоспарланғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар