Мәжіліс депутаттары «Байқоңыр» кешенін жалға беруге қатысты құжатты талқылайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі депутаттары «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша талқылауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы, депутат Айгүл Құспан «1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы» хаттама 2018 жылғы 9 қарашада Петропавл қаласында жасалғанын еске салды.

«Хаттаманың мақсаты – екі ел үкіметтері арасындағы жасалған шарттың төртінші бабына Ресейдің «Байқоңыр» кешенін жалға алу мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту бойынша өзгеріс енгізу. Комитет осы заң жобасын жұмысқа алуға, ол бойынша 2021 жылғы 5 қазанға дейінгі мерзімде қорытындыны әзірлеуге дайын», - деді А. Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске сала кетейік, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастығының XV форумында бірқатар құжатқа қол қойылды.



Соңғы жаңалықтар