Мәжіліс депутаттары аймақтарда цифрландыру мәселесін талқылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары барысында қазақстандықтар үшін өзекті болып табылатын ауқымды мәселелерге назар аударуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері Абай Тасболатов пен Ольга Шишигина Алматыдағы Оқушылар сарайында партиялық жобаның шеңберінде ұйымдастырылған IТ-классқа барды.

Мұнда 30 бала екі айдан бері робототехника, 3D модельдеу және дизайн бойынша дайындықтан өтуде.

Балалардың оқу барысында үйренген бағдарламалау жобалары модельдерді өз бетінше жинауға мүмкіндік береді.

Осы ретте, Мәжіліс депутаты А. Тасболатов балалардың дамыған бағдарламаларға шынымен ынталы екендігіне өте қуанышты екенін жеткізіп, еліміздегі 1000 сабақ, яғни, жарты миллионға жуық жас жаңа бағыттар бойынша білім алуда, бұл болашақта талап етілетін мамандықтар бойынша жоғары сапалы мамандарды ала аламыз деген сөз,- деді.

Оқушылар сарайында 12-17 жас аралығындағы оқушылар өздерінің кәсіпкерлік және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуда.

Мұнда балалардың қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйренуге, көшбасшылық қасиеттерді анықтауға, сондай-ақ идеяларды іс жүзінде іске асыру тәжірибесіне ие болуға көмектеседі.

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаева Ақтөбе облысындағы сапары барысында  «Эко Экспресс Актобе» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Бұл көпсалалы өндірістік кәсіпорын 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді және мұнай-газ өнеркәсібіндегі өндірістік нысандарды жобалаудан бастап техникалық қайта жабдықтауға дейінгі жұмыстардың толық спектрін орындайды.

Кездесу барысында Дания Еспаева Президенттің бес әлеуметтік бастамасын, Мәжілістің жұмысы мен «Ақ жол» фракциясының қызметін іске асыру тетіктері туралы әңгімеледі.

«Ақ жол» фракциясы 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап ағымдағы жылдың маусымына дейін үшінші сессиясы аралығында, 65 депутаттық сауал жарияланып, қаралған заң жобаларына шамамен 1000-ға жуық түзетулер жіберілді, - деді Д. Еспабева. Сондай-ақ, депутат жергілікті жер қойнауын пайдалану туралы тұрғындар тарапынан жергілікті жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындауына бағытталған отандық өндірушілерді қолдау туралы заң жобасына бірқатар өзгертулер енгізілгенін де айтты. 

Соңғы жаңалықтар