+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары автобанға қарсы шықты

2019 жылғы 23 қаңтар 16:51
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары автобанға қарсы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға цемент-бетонды төсемі бар жолдар қажет емес. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатыров осындай мәселе көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропада бетонды төсем біршама жайлы болуы мүмкін. Алайда, күрт құрлықтық климаты бар Қазақстан үшін мұндай ерекшелігі бар жаңа жолдар көптеген адам өліміне әкеп соқтыратын жол-көлік апаттарына әкеледі. Бетонды төсемі бар жоғары жылдамдықты мұндай жолдардағы көктайғақ салдарынан Астана-Щучье, Астана-Қарағанды, Алматы-Қапшағай сынды жаңа автомобиль жолдарында көлік апаттары тұрақты орын алып отырады», - деді Әбсатыров.

Оның атап өтуінше, мұндай автомагистральдарды күзгі-қысқы маусымда пайдаланудың елеулі кемшілігі анықталды. Мәселен, аяздың түсуімен бетонды төсем мұз айдынына айналады.

Естеріңізге салсақ, осыдан бір жыл бұрын «Ақ жол» фракциясының депутаттары да бұл мәселені көтеріп, автомобиль жолдары стандартын қайта қарауды ұсынған еді. Депутаттардың сауалына жауап берген министрлік цемент-бетонды төсемнің көктемгі-күзгі және қысқы маусымдарда оңтүстікте де, солтүстік өңірде де проблема туындататынын мойындаған болатын. Бұл кемшілікті жою үшін жолдың тайқақтығын жоятын арнайы қоспа әзірлеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының басталғанын да мәлімдеген-ді. Бірақ, содан бері бір жыл өтсе де мәселе сол күйінде қалып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT