+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Мәжіліс депутаттары Атырауда тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады

2021 жылғы 12 шілде 11:35
Бөлісіңіз:
Мәжіліс депутаттары Атырауда тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаттары Атырауда тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
2 мыңнан астам апатты ұңғымадан су далаға ағып жатыр - депутат

Мәжіліс депутаттары Дүйсенбай Тұрғанов және Нұрлыбек Ожаев Атырау облысының Исатай ауданына жұмыс сапарымен барды.

Онда 2022 жылдың соңына дейін аяқталуға тиіс «Атырау-Астрахань» күре жолының құрылысымен танысты.

Пандемия кезінде жол салу жұмыстары тоқтамағанымен, жергілікті тұрғындардың айтуынша, құрылыс баяу жүруде.

Мәжіліс депутаттары осы мәселенің жай-жапсарымен танысып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мекеме өкілдерімен жүздесті.

Айта кету керек, қазір 277 шақырым жолдың 53 %-тен астам бөлігі аяқталған.

Өз кезегінде депутат Н.Ожаев:

- Қазіргі уақытта ел іші қауіпті індеттен зардап шегіп отырғанда, жол салу жұмыстарының тоқтамай жүргізілуі көңілге қуаныш ұялатады. Десе де, бұл мәселе халықтың көп жылдан бері әбден шымбайына батқаны да белгілі. Себебі, жол - ел мен елді, ауыл мен ауылды қатынастыратын негізгі көрсеткіштің ажырамас бөлігі. Сол үшін де маңызы мен мәні биік осы жол құрылысының сапалы жүргізіліп, уақытылы аяқталуы басты назарда болады, - деді.

Сапар барысында халық қалаулылары Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында тұрғындармен жүздесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады.

Тұрғындар экологиялық мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жеткізді.

Қазір аудан су тапшылығының салдарынан қиындық көріп отыр. Өйткені, жайылым мен шабындыққа су шықпай, төрт түліктің жағдайы қиындаған.

Одан бөлек, Каспий теңізі деңгейінің төмендеуіне байланысты қалыптасқан қиындықтар да айтылды.

Мәжіліс депутаттары аталған мәселелердің оң шешілуіне күш салатындарын жеткізді.

Одан әрі депутаттар Жанбай ауылына арнайы ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Жанбайлықтар өздерін толғандырған түйткілді мәселелерін ортаға салды.

Халық қалаулылары әр мәселенің уақытылы шешілетінін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT