Мәжіліс депутаттары Ақмола облысында жүр

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысына ҚР Президенті Жолдауында туындаған міндеттерді елге кеңінен түсіндіру мақсатында Парламент Мәжілісінің депутаттарынан құралған ақпараттық-насихат тобы келді.

Сапар барысында Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің мүшесі Надежда Петухова облыстық ауруханадағы инсульт орталығында, қалалық емханада және облыстық балалар ауруханасында болды, денсаулық сақтау саласында атқарылып жұмыстардың барысымен танысып, ұжым мүшелерімен кездесті.

Мәжіліс депутаты осы уақытқа дейінгі даму кезеңінде еліміздің әлеуметтік салада қол жеткізген жетістіктері жайлы айта келе, 2050 жылға дейін Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарын, соның ішінде денсаулық сақтау саласы бойынша Елбасының алға қойып отырған міндеттерін түсіндіріп өтті. Сондай-ақ, Жолдауда туындаған басқа да мемлекеттік жобалар мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалу барысына да назар аударды.

Ал, түстен кейін республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалының ғимаратында жеке мәселелері бойынша келген азаматтарды қабылдады.

Ал, топтың басқа мүшелері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрғали Әшімов, Оразкүл Асанғазы облыстың Бұланды, Бурабай аудандарын аралап жүр.

Соңғы жаңалықтар