Мәжіліс депутаттары «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына 241 түзету енгізді

None
None
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша қорытынды шығарды.

 Енді бұл заң жобасы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған комитет заң жобасының жұмыс тобында талқыланған кезде депутаттар тарапынан қандай ұсыныстар келіп түскенін, бюджет қаражатының кірісі мен шығысына қандай түзетулер енгізу көзделіп отырғанын атап көрсеткен.

Қорытынды салыстырма кестеге депутаттардың 241 түзетуі енгізіліп отыр. Бүгін Палатаның жалпы отырысында депутат, осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі Серік Оспанов өз әріптестері енгізген толықтырулары жөнінде жан-жақты баяндап береді.

Соңғы жаңалықтар