Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Мәжіліс депутат Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

2019 жылғы 19 маусым 10:15 2247
Бөлісіңіз:
 Мәжіліс депутат Анар Жайылғанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Анар Жайылғанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, жақында ғана Анар Жайылғанова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді.

«Сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін барлық депутаттардың атынан алғысымызды білдіреміз. Барша әріптестеріңіз сізді білікті заңгер, тәжірибесі жоғары маман ретінде жақсы біледі. Мәжілісте осы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болдыңыз. Енді жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалдыңыз. Өте лауазымды қызмет. Сондықтан барша депутаттардың атынан осы жаңа жұмыста үлкен табыс тілейміз», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Жалпы отырыс барысында Анар Нұралықызына арнайы «Алғыс хат» тапсырылды.

Анар Жайылғанова 1969 жылы 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Шар ауданы Белтерек ауылында туған. 1986 жылы Белтерек ауылының орта мектебін тәмәмдап, осы жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1991 жылы оны үздік аяқтады. 1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы лауазымына ауысты.

2000 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының кеңесшісі, 2004 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып қызмет атқарды. 2008 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Қаулысымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT