Мәжіліс бизнесті бастау мен дамытуға қолайлы жағдайлар қарастыратын жобаны мақұлдады

None
None
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  -  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұтастай алғанда заң жобасы елімізде бизнесті бастау және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, осыған орай болатын рәсімдеулерді оңайлатуға бағытталады. Атап айтқанда, құжатта шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері мәртебесі бар заңды тұлғалар үшін жаңа кәсіпорындарды тіркеу немесе қайта тіркеу рәсімі оңайлатылады. Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін 100-ден 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін қысқарту ұсынылып отыр.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар ұйымдық-құқықтық нысанына және заңды тұлға өз қызметін жүзеге асыратын құрылтайшылық құжаттар түріне қарай мемлекеттік тіркеудің мерзімдерін саралауға бағытталған ұсыныстар енгізіп, бұлар мақұлданды.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар