Мәжіліс: Білікті заң көмегін қамтамасыз етуге қатысты құжат екінші оқылымда мақұлданды

None
None
ың 24-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды,

 

  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Отырыста аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Мәжілістің Заңнама және сот құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкованың айтуынша, заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған. Ал оны екінші оқылымда қарау барысында Мәжіліс регламентінің 38-ші және 40-шы тармақтарына сәйкес жазбаша ұсыныстар ғана қаралған.

 «Ұсыныстар заң жобасының жекелеген баптарының редакциясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қылмыстық іске қатысуға жіберілген қорғаушыға, жәбірленушінің өкіліне қорғауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алу жөнінде жаңа құқықтар берілетіні туралы норма енгізілді. Ал Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтың әлеуметтік жағдайына байланысты оның заң көмегіне жүгінген кезінде тиісті шығындардан босатып,  ол шығындарды мемлекет бюджетінен алу жөніндегі нормамен толықтырылды. Бұған қоса құжатқа редакциялық-нақтылау сипатында бірқатар өзгерістер енгізілді», - деді депутат.

Заң жобасын халық қалаулылары бірауыздан мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар