+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Мәжіліс «Байқоңыр» айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруға қатысты құжатты мақұлдады

2021 жылғы 12 мамыр 11:33
Бөлісіңіз:
Мәжіліс «Байқоңыр» айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыруға қатысты құжатты мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжілісте күріш саласындағы диқандардың мәселелері көтерілді Ит таластыру мен жануарларға қатыгездік жасауға тосқауыл қоятын талаптар күшейтіледі Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды.

«Осы келісім бүкіл әлемді кең жолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған OneWeb халықаралық жобасын жүзеге асыру үшін «Байқоңыр» айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде Қостанай облысының аумағында «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандардың бөлінетін бөліктерінің құлау ауданын Ресей тарапымен пайдалану тәртібін реттейді. Құлау ауданы жылына небәрі бірнеше рет сервитут шартымен қолданылып отыратын болады. 3-6 тәулікті құрайтын бұл кезеңде адамдар мен үй малының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құлау ауданына кіру жабық болады. Қалған уақытта құлау ауданында жүруге және оны жайылым ретінде пайдалануға шектеу қойылмайды. Адамдардың құлау ауданынан тысқары жерлерде тұруы қауіпсіз болып саналады», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, келісімді ратификациялау «Байқоңыр» кешені бойынша қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықты кеңейтуге, «Байқоңыр» кешенінің барлық тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізіп, ғарыш айлағы жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік береді. «Союз-2» тасымалдағыш-зымыраны экологиялық қауіпсіз керосин-оттегі отынымен ұшырылады.

«Келісім шарттарына сәйкес тасымалдағыш-зымырандардың бөлінетін бөліктерін қабылдау аудандарындағы экологиялық жағдайға мониторинг жүргізуге қазақстандық мамандар мен ұйымдар қатысады және бақылайды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, Ресей тарапымен осы келісімнің күшіне енуі туралы ішкі мемлекеттік рәсімдері орындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT