Мәжіліс «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жобасы аясындағы келісімді мақұлдады

None
None
күйектің 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін

реконструкциялау туралы Истина*А келісімін және ҚР Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының жобасы шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Тараз» жолының учаскесін реконструкциялау туралы агенттік келісімді (Истина*А) ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған келісімнің мақсаты автожолдар желісін реконструкциялау мен дамыту, осы жолдарды күтіп ұстау жүйесін жақсарту, сондай-ақ көлік қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру жөніндегі жобаны іске асыру болып табылады. Жобаны іске асыру барысында Ислам даму Банкінен Қазақстанға 170 млн. доллар мөлшерінде қарыз тартылады. Бұл қарыз төрт жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда, алдағы 20 жылға берілгелі отыр. «Жалпы, Ислам Даму Банкі барлығын қосқанда екі траншпен 398 млн. доллар мөлшерінде несие ұсынып отыр. Ал жоғарыда аталған қарыз Жамбыл облысындағы ұзақтығы 58 шақырымды құрайтын «Оңтүстік Қазақстан облысы шекарасы - Тараз» учаскесін қайта жаңартуға бағытталады», деді заң жобасы бойынша баяндама жасаған ҚР Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов.

Тартылатын қарыз ақшаға қызмет көрсету мен оны жабу осы келісімдерде белгіленген қаржы шарттарына сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұндай келісімді жүзеге асыру еліміздің көлік әлеуетін дамытуды қамтамасыз етіп, мұның өзі халықаралық транзит дәлізінің қазақстандық бөлігі бойынша көлік қозғалысының қарқындылығын едәуір артырады деп болжануда. Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар