Мәжіліс атом энергиясын пайдалану мәселелеріне қатысты құжатты жұмысқа алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заң жобасы Мәжіліске 2019 жылғы 29 қарашадағы ҚР Үкіметінің Қаулысымен енгізілді. Құжаттың мақсаты - атом энергетикасын дамытудың ұйымдастырушылық және құқықтық тетіктерін жетілдіру бойынша түзетулер енгізу мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - деді Парлаламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский.

Осы орайда тиісті заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.

«Комитет заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2020 жылғы 9 желтоқсанға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деп нақтылады депутат.

фото: hightech.plus
Соңғы жаңалықтар