Мәжіліс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын екінші оқылымда мақұлдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс жобасын екінші оқылымда тұтастай мақұлдады.

Еске сала кетейік, кодекс жобасы әкімшілік заңнаманы елеулі түрде реформалауға бағытталады. Бұл ретте әкімшілік заңнаманы ізгілендіру, соттарға жүктемені азайту шаралары қарастырылады. Осыған баланысты соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттілік берілген органдардың құзыреті қайта қаралады. Кодекс жобасына сәйкес, айыппұлдың абсолюттік белгілі бір мөлшері көзделеді. Бұл әкімшілік жаза шығару кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін жоюға мүмкіндік береді. «Депутаттар заң жобасын қарау барысында бірқатар ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекс жобасына бұрын қылмыстық теріс іс ретінде енгізген он қылмыс құрамды кодекс жобасына қайтаруды мақұлдады. Олардың ішінде отбасылық-тұрмыстық заң бұзушылықтар, ұсақ алаяқтықтар, бейбіт жиналыстар мен митингтер өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу секілді нормалар бар», - дейді депутат Арман Қожахметов. Оның айтуынша, депутаттар құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны үшін әкімшілік жазалау түрінде қолданылатын әкімшілік қамауға алу институтына қатысты түзету енгізген.

Соңғы жаңалықтар