Мәжіліс әкімдерді тағайындау мен сайлау тәртібін өзгертуге қатысты құжатты мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформаны іске асыру аясында енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру.

Атап айтқанда, құжатта жергілікті атқарушы органдарға қатысты ҚР Президентінің жекелеген өкілеттіктерін жою, сайлау жүйесін жетілдіру, әкімдерді тағайындау мен сайлау тәртібін өзгерту, саяси партияларды тіркеу рәсімдерін оңайлату, заң шығару рәсімін өзгерту және құқық қорғау институттарын күшейту ескерілген.

Сонымен қатар заң жобасында жерге, оның қойнауына, су көздеріне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, басқа да табиғи ресурстарға қатысты халық меншігін белгілеу қамтылған.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдан бастап қанатқақты режимде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар