Мәжіліс ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізу туралы заң жобасын қарайды

None
None
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2009 жылғы республикалық бюджетке өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы палата қарaуына алынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Үкімет ағымдағы жылдың соңына дейін республикалық бюджетке өзгерістер енгізетінін мәлімдеген болатын. «Әрине, біз бүгін дағдарыс кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да, бюджет мәселесіне қатысты Үкіметтің жедел шаралар қарастыруы орынды. Оның үстіне, жылдағы әдет бойынша бюджетке бөлінген қаражаттардың игерілмей қалуы деген мәселе дағдарыс кезеңінде болмауы тиіс. Осы ретте, ағымдағы жылғы бюджетте кейбір қаражаттарды бір нысандардан алып қойып, басқа басым деп танылған бағытқа аудару керек. Сондықтан да бұл заң жобасы кейінге ысыруға болмайтын, шұғыл қаралатын құжат болып табылады», деді Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов жобаға қатысты түсінік бере келе.

Енді Парламент Мәжілісінің қарауына алынған заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылады. 

Соңғы жаңалықтар