Мәжіліс агломерацияларды дамыту туралы заң жобасын мақұлдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ітлшісі.

Бұл құжат 2022 жылғы 23 қарашада бірінші оқылымда мақұлданған.

Заң жобасы Қазақстан Республикасында агломерацияларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар мен тетіктер жасауға бағытталған.

Бұл құжатта «агломерация», «агломерация аумағы», «агломерация құрамы» ұғымдарын және елді мекендерді агломерацияға жатқызу өлшемшарттарын енгізу ескерілген.

Заң жобасы аясында Үкіметтің, уәкілетті органның, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агломерацияларды дамыту саласындағы құзыреттерін айқындау, агломерацияларды дамыту саласындағы жергілікті атқарушы органдар арасында өзара іс-қимылды жақсарту, сондай-ақ республикалық және өңірлік деңгейлерде агломерация жөнінде кеңес құру қамтылған.

Құжатта орта мерзімді даму стратегиясы болып саналатын Агломерацияны дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу ұсынылған.

Агломерация халық саны 500 мың адамнан асатын орталықтан және өзара күнделікті еңбек және өндірістік байланыстары бар қала маңындағы аймақтан тұратын болады.


Соңғы жаңалықтар