Мәжіліс 8 елде патент алуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлднады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

​«Сіздердің назарларыңызға «1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттамасын ратификациялау туралы» Заң жобасын қарастыруға ұсынып отырмыз. Хаттамада өнеркәсіптік үлгілерге еуразиялық патенттердің құқықтық қорғау ерекшеліктері, әрекет ету қағидаттары, өтініш берушілердің, құқық иеленушілердің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Еуразиялық патент ведомствосы жүзеге асыратын міндеттемелер мен уәкілеттіктер көзделген. ​Аталған заң жобасы өңірлік патент жүйесін жетілдіру мақсатында енгізіліп отыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, халықаралық патенттеу кезінде әр мемлекетте жеке өтінім беру және жеке төлемдерді төлеу айтарлықтай әкімшілік кедергі болып табылады.

»Қазақстандық өтінім берушілер үшін өңірлік жүйенің артықшылығы – объектіні сегіз мемлекетте бір уақытта қорғау үшін Еуразиялық патент ведомствосына жүгіну мүмкіндігі. Бұл жүйе еуразиялық аумақта сауда жасау барысында өнеркәсіптік үлгілерді қорғаудың деңгейін арттыруға және осы жүйенің мүше мемлекеттерінің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірлік патент Еуразиялық нарыққа бағытталған отандық тауар өңдірушілерінің мүмкіндіктерін арттырады», - деді Марат Бекетаев.

Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өнеркәсіптік үлгісіне алған патенті Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы

8 мемлекетте нақты айтқанда Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Тәжікстан Республикасында қолданыла алады.


Соңғы жаңалықтар