Мәжіліс 2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджетке енгізілген өзгерістерді мақұлдады

None
None
sp;Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «2009-2011 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды,

 

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің нақтылануымен байланысты болып отыр. Сондай-ақ құжатта ағымдағы республикалық бюджет шығыстарының болжамды орындалуы бағаланып, қаржылар қайта нақтыланды. Бұл ретте 2009 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ел экономикасының даму қорытындылары мен әлемдік тауар нарықтарындағы соңғы үрдістердің негізінде ағымдағы жылғы макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы қайта нақтыланады. Нәтижесінде жалпы ағымдағы республикалық нақтыланған бюджеттің параметрлері бойынша түсімдер 2 трлн. 798 млрд. теңгені құрайды деп болжануда. Бұл қолданыстағы бюджетке қарағанда 40 млрд. теңгеге аз көрсеткіш. Ал шығыстар мөлшері 3 трл. 371 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте бюджет тапшылығы 571 млрд. теңге шамасында көрсетіліп, оның абсолютті мөлшері өзгеріссіз қалады, ал жалпы ішкі өнімге қатысты мөлшері 3,5 пайызды құрайды.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлінген бюджет қаражатының толық игерілмеуі 94 млрд. теңге шамасында болып отыр, оның ішінде 54,3 млрд. теңге ағымдағы жылғы кезек күттірмейтін міндеттерді шешу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша қайта бөлінеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар