Мажарстанның газ қоймаларының қуаты 72 пайызға нығайды

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Мажарстанның технологиялар және инновациялар министрі Ласло Палкович елдің энергетикалық тәуелділігі айтарлықтай төмендегенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Сонымен Мажарстан үкіметінің мүшесі елдің қазіргі газ жеткізілімдері мен ұлттық электр желісінің жұмысына оң баға берді. Бірақ ол стратегия елдің энергияға тәуелділігін одан әрі төмендету үшін қайта қаралатынын айтты. Бұл туралы Л. Палкович Шиофоктағы 52-ші Халықаралық газ конференциясында мәлім етті.

Министрдің айтуынша, дүйсенбі күні таңертең Мажарстанның тұрмыстық газ қоймаларының қуаты 72 пайызға толған. Министр Мажарстан электр желісінің барлық көрші елдермен өткізу қабілеті мен байланысы жеткілікті екенін және отын жеткізілімі тұрақты екенін атап өтті. «Әзірге «Достық» мұнай құбыры арқылы жеткілікті көлемде шикі мұнай жеткізілуде. Мажарстанға газ тұрақты түрде жеткізіліп тұрады және біз таусылған стратегиялық қорларды толықтыра аламыз», — деді ол.

Арнұр Рахымбеков




Фото: hungarytoday.hu




Соңғы жаңалықтар