Мажарстаннан келген оқушы қаймағы бұзылмаған қазақтың дәстүріне таңдай қақты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мажарстаннан келген оқушы Мартон Ердос көпғасырлық қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің қаймағы бұзылмай сақталғанына таңдай қақты.

«Қазақстанда өткен бірнеше күн ішінде біз жергілікті ұлттың салт-дәстүрімен, мәдениетімен танысып үлгердік. Сіздер өз ұлттық нақыштарыңызды осы уақытқа дейін сақтап келіпсіздер. Жаһандану заманында кей мемлекеттерде бұл өте қиынға соғып отыр», - деді ол.

Шетелдік қонақ халықаралық олимпиаданың өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын да атап өтті.

«Бұл олимпиада әлемнің әр бұрышынан келген балалар үшін үлкен мереке болды. Біз бірден достасып кеттік. Тек информатика тақырыбында емес, басқа да тақырыптарда сөз қозғаймыз. Ұйымдастырушылар өте керемет жағдай жасады. Ұлты, тілі, мәдениеті өзге адамдардың ортақ тіл табысуына. Маған Алматының табиғаты ұнады. Ертең Түрген шатқалына барамыз. Өзіммен бірге естелікке фотоаппарат алып барам», - деді оқушы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда информатика пәнінен халықаралық олимпиада (IOI-2015) өз жұмысын аяқтады. Қос кезеңнен тұратын сайыста Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Қытайдан келген спортшылар көш бастап келеді.

Жеңімпаздарды марапаттау 1 тамызда Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өтеді.

Соңғы жаңалықтар