Мажарстандағы турнирдің финалына 6 боксшымыз өтті

None
ДЕБРЕЦЕН. ҚазАқпарат - Қазақстанның алты боксшысы Дебреценде (Венгрия) Иштван Бочкаиды еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Аятолла Тәкіжанов (75 кг) және Айбек Оралбай (92 кг) бұл додада алтын медаль үшін бақ сынайды.

Теміртас Жүсіпов қырғызстандық Асылбек Аманқұлұлымен, Серік Теміржанов бельгиялық Василе Устуроймен, Саматәлі Төлтаев австралиялық Фред Дззивамен, Дулат Бекбауов украин боксшысы Ярослав Михалушкомен, Аятолла Тәкіжанов Украинаның тағы бір өкілі Иван Папакинмен жұдырықтасады. Ал Айбек Оралбайдың қарсыласы ағылшын боксшысы Патрик Браун болмақ.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар