Мажарстандағы турнирде екі боксшы финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық турнирде қазақстандық екі боксшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалда әзербайжан спортшысы Турал Сариевті 5:0 есебімен айқын басымдылықпен жеңді. Ол ширек финалда Дониер Бекмуродовты қапы қалдырған еді.

Ал Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай финалда австралиялық Харри Гарсидені сүріндірді.

Ел құрамасынан Дамир Әбдіқадыр (51 келі) өзбекстандық Зиевуддин Алижоновқа, Дамир Тойбай (92 келіден жоғары) германиялық Никита Путиловқа есе жіберді.

Сондай-ақ, ел құрамасынан Нұрбек Оралбай 80 (келі) 1/4 финалда украин боксшысы Александр Хижнякке жол беріп қойды.

Қазақстандық бапкерлер аталған турнирге ел құрамасы сапында 13 боксшыны алып барды.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар