Мажарстандағы қазақстандық студенттер үшін стипендиялық бағдарламаның мерзімі ұзарады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мажарстанда білім алатын қазақстандық студенттер үшін «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасының мерзімі ұзарады. Бұл туралы БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы істер министрлігі халықаралық академиялық байланыстарды кеңейту, бірқатар бірлескен білім беру және мәдени бастамаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Осылайша, венгриялық тараппен қазақстандық студенттер үшін «Stipendium Hungaricum» венгриялық стипендиялық бағдарламасын ұзарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстан «Erasmus+» және «Horizon Europe» сияқты академиялық және ғылыми алмасудың маңызды бағдарламаларына одан әрі қатысуға мүдделі», - деді Роман Василенко.

Оның дерегінше, қазір Қазақстанда 5 шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары жұмыс істейді. Сонымен қатар, таяуда Шотландияның Херриот-Уотт университетінің Ақтөбе өңірлік университетінің базасында филиалын ашу жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар