Мажарстанда жұмыс істейтін қазақ: Елордаға қайта келгенде өз көзіме өзім сенбедім

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мажарстанда мұғалім болып жұмыс істейтін Раушан Мұқышева Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше жылдың ішінде адам танымастай өзгергенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шығыс Қазақстан облысының басты жетістіктері» атты дөңгелек үстелге Мажарстанда еңбек етіп жүрген ШҚО тумасы Раушан Мұқышева онлайн форматта қатысты. Өз сөзінде ол шетелде жүрсе де үнемі Отанындағы жаңалықтарға үңіліп, өзгерістерді қалт жібермейтіндігін айтты.

«Елу жылда ел жаңа» дейді қазақ. Биыл еліміздің егемендік алғанына 30 жыл толып отыр. Алғашқы жылдары көп қиындықты бастан кешірдік. Бірақ татулық пен болашаққа деген анық бағдардың арқасында оның барлығы еңсерілді. Бүгінде Қазақстан әлемнің көшбасшы елдерімен тығыз байланыс орнатқан, халықаралық аренада өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындағандардың қатарында мажар халқы болды. Өзім тоқсаныншы жылдардың соңына қарай мажар еліне көшіп, қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ бере бастадым. Дос көңілді елдегі білім ордасының басшысы мені жұмысқа өзі шақырды», - дейді Раушан Мұқышева.

Педагог елордаға бірнеше жылдан кейін қайта келгенде өз көзіне өзі сенбегендігін жеткізді.

«Қысқа уақыт ішінде астанамыз адам танымастай өзгерді. Зәулім ғимараттар, сәулетті инфраструктура тамсандырмай қоймайды. Отанымда осындай игі өзгерістердің болып жатқаны мені әркез қуантады. Барша жерлестерімді Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Әр жанұяда қуаныш пен шаттық ұяласын», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар