Мажарстанда шетелдік автокөлік жүргізушілеріне жанармай нарықтық бағамен сатылады
2022 жылғы 27 мамыр 15:03

Мажарстанда шетелдік автокөлік жүргізушілеріне жанармай нарықтық бағамен сатылады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуроодақтың энергетика нарығында қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Мажарстан билігі шетел азаматтарына жанар-жағармай сату кезінде бағаны көтеру шарасын енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі hirado.hu сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ Мажарстан үкіметінің кеңсе басшысы Гергей Гуляштың бейсенбі күні министрлер кабинетінің отырысында ел экономикасын қорғауға шақырғанын хабарлады. Ол биылғы 27 мамырдан бастап жеңілдетілген бағамен тек мажарстандық тіркеу нөмірлері бар көліктерге жанармай құюға болатынын мәлім етті.

Осылайша, Мажарстан үкіметі бағаны 480 форинт (литріне шамамен 560 теңге) көлемінде ұстап тұрса, Еуропада орташа баға 700-900 форинтті (литріне 800-1000 теңге) құрайды.

Жұмадан бастап тек мажарстандық тіркеу нөмірлері бар автокөліктерге жанармайды 480 форинт бағасымен толтыруға болады; ал шетелдіктер жанармайды нарықтық бағамен құяды.

Сонымен қатар, ел үкіметі Украинадағы жағдайға байланысты гуманитарлық апат қаупі бар деп санайды, оның экономикалық салдары ауыр болуы мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT