Мажарстанда көктем мерекесі - Наурыз тойланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 наурыз күні Будапештте Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі мен «Барс» Қазақстан-Мажар қоры бірлесіп, Наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізді. Бұл туралы елшілікке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған іс-шараға Мажарстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, қоғамдық-саяси, мәдени және іскер топтардың өкілдері, қазақ диаспорасы мен студенттер, сондай-ақ мажар қыпшақтары қатысты.

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Нұрбах Рүстемов «Наурыз» мейрамының тарихына тоқталып, біздің бай рухани мұрамыздың жарқын белгісі ретінде елімізде қалай аталып өтетінін қонақтарға айтып берді.

Қазақ мәдениетіне қызығатын мажар және қазақ жастары Ұлы Дала сазын орындап, қонақтар қошеметіне бөленді.

Соңғы жаңалықтар