Мажарстанда Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды

None
None
БУГАЦ. ҚазАқпарат - Халықаралық «Тұран» халықтар құрылтайының аясында республикалық «Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА қолдауымен Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі ұйымдастырған «Ұлы дала рухы» фотокөрмесі ашылды.

Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Мажарстан парламентінің вице-спикері Шандор Лежак барып тамашалады.
«Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА-ның фототілшілері ұсынған туындылар құрылтай қатысушыларының ерекше назарын аударды.

Көрмеде қонақтарға Қазақстанның бай тарихы мен бүгінгі қайталанбас келбетінен сыр шертетін 30 фотосурет ұсынылды. Оларды білікті фототілшілер - Ерлан Омаров, Мұхтар Холдорбеков, Виктор Федюнин, Александр Павский және Ильзат Сафаргалиевтер түсірген.

nullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар