Мажарстан үкіметі Қазақстандағы президенттік сайлауға қатысты өз ұстанымын білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Миxай Варга Қазақстандағы президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мажарстан Қазақстандағы басшылықтың ауысуына құрметпен қарайды. Алдағы президенттік сайлау да xалықаралық және ішкі саясаттың тұрақтылығын көрсетеді деп білеміз. Бұның бәрі табысты экономикалық саясаттың көрінісі болса керек. Соның арқасында Қазақстан бүгінде әлем бойынша 50 ірі экономиканың қатарына кіреді», - деді М.Варга Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында.

Оның айтуынша, Мажарстанда Қазақстанды ерекше стратегиялық әріптес деп біледі. Себебі Қазақ елі арқылы Орталық Азиямен тығыз сауда-экономикалық байланыстар жүргізіледі.

«Өткен жылы Қазақстандағы экономикалық өсім 4,1 пайызға жетті. Болашақта аталған көрсеткіш әлі де өседі деген болжам бар. Ал Мажарстанның экономикасы былтыр 4,9 пайызға өсті. Бұл Еуропа елдерінің орташа көрсеткішінен үш есеге артық. Сондықтан екі елдің сауда-экономикалық байланыстарды дамыту саласындағы әлеуеті жоғары», - деп атап көрсетті М.Варга.

Соңғы жаңалықтар