Мажарстан Түркі академиясы халықаралық ұйымына бақылаушы мәртебесін алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен Түркі кеңесі Сыртқы істер министрлерінің жиынында Мажарстан ресми түрде TWESCO-ға бақылаушы мәртебесіне ие болды, деп хабарланды Түркі Академиясының ресми сайтында.

Жиында Сыртқы істер министрлері Мажарстанға TWESCO-ға бақылаушы мәртебесін беретін және Академияның бірқатар құрылтайшы құжаттарына да қол қойды. Осылайша түркі әлемінің ғылыми-интеллектуалды орталығы саналатын TWESCO қанатын кеңге жайып, аймақтық интеграция ауқымынан шықты.

Ұйымға Мажарстанның бақылаушы ретінде қатысуы TWESCO-ны тұтас құрлықты қамтитын халықаралық ұйымға айналдырып отыр.

Соңғы жаңалықтар